Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 6913 0 пікір 30 Сәуір, 2014 сағат 10:34

ӨЗЕНДІ УЛАП, 700 ТЕҢГЕМЕН ҚҰТЫЛҒАН

Өзенді ластаған шошқа фирмасына күлкілі айыппұл салынды деп хабарлайды Baq.kz. Ақтөбе облысы, Байбақты өзеніндегі балықтар улану себебінен қырылған. Экологтардың тексеруі бойынша өзеннің ластануына өзен бойындағы шошқа фирмасының әрекеті себеп болған. Шошқа фирмасы нәжіс қалдықтарын өзенге төккендіктен, су құрамындағы аммиактың мөлшері 700 есе артып кетіп, өзендегі балықтар қырылып қалған. Сондай-ақ су құрамындағы қатерлі бактериялар мың есе артып кеткен. Дегенмен жергілікті ауыл тұрғындары экологиялық инспекторларға наразы. Олар дер кезінде келіп тексеру жүргізбеген, өзен бойынан тек 2 кг уланған балық тауып, қажетті бақылау жасай алмаған. Балықтың қырылуына түрткі болған шошқа фермасын тексеруге құзырлы органдар да қауқарсыз екен. Өйткені қазір мұндай кәсіпкерлік нысандарды тексеруге жыл соңына дейін мараторий жарияланған көрінеді.   Ал балық инспекциясындағылар шошқа фирмасының балық шаруашылығына келтірген залалы үшін не бары 733 теңге айыппұл салған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295