Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 7583 0 пікір 28 Сәуір, 2014 сағат 11:30

ЖҰБАНЫШ ЖЕКСЕНҰЛЫНЫҢ ӘН ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

28 сәуір күні республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері, Мәдениет қайраткері Жұбаныш Жексенұлының екі бірдей әнжинағының тұсаукесері өтеді.

Альбомға өнер иесінің орындауында осыған дейін көпшілік көңілінен шыққан танымал әндер мен дуэттер топтастырылған. Олардың қатарында «Жаным апа», «Бала кез», «Қалқа бала», «Пай-пай, жігіттер», «Өмір жолы», «Бақыт туралы ән» сынды кейінгі жылдары репертуарына қосылған бірегей туындылар бар. Тұсаукесер рәсіміне танымал сахна саңлақтары мен жас әншілер және арнайы шақырылған қонақтар қатысады.

Естеріңізге сала кетсек, Жұбаныш Жексенұлы – 1974 жылы 23 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген. 1991 жылы аудан орталығындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Жетісай қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы гуманитарлық, педагогикалық колледжін бітірген. 1998-2001 жылы аталмыш колледжде музыкалық жетекші, 2001-2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның әншісі қызметін атқарды. 2006-2013 жылы Алматыға қоныс аударып, «Қазақ әуендері» АҚ қарасты «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінде жұмыс істеді. 2005 жылы продюсер Бағлан Омаровтың жетекшілігімен «Өкінбе сен» әніне клип түсіріп, көп ұзамай әнжинағы жарық көрді. 2002 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 10 жыл» мерекелік медалімен және 2011 жылы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған. 2013 жылы 7 сәуірде Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан циркінде Нұрлан Байкөзовтің оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауысты концерт қойды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299