Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4394 0 пікір 23 Сәуір, 2014 сағат 12:18

ОРАЛМАНДАР АРЕНДАЛЫҚ ҮЙГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАДЫ

Кеше Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың хабарлауынша, еңбек күшіне зәру өңірлерге қоныстанған оралмандар мемлекеттен арендалық үйлер алуына болады.

Яғни, Үкімет еңбек ресурстары бойынша тапшылық көріп отырған аймақтарды анықтап, оралмандарға сол өңірлерге қоныстануға ұсыныс білдіреді. Біздің білуімізше, жақында ғана жарияланған №248 қаулы бойынша, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан сынды 7 облыс оралмандардың қоныстануына белгіленген.

Министрдің айтуынша, сондай өңiрлерде тұруға ниет танытқан қандастарға ҚР Үкiметi әлеуметтiк пакеттер ұсынады. Оның iшiнде жолға кеткен шығын өтелiп, қосымша қызметтік пәтерлер беріледі. Сондай-ақ, оралмандар бұл пәтерлерді бес жылдың iшiнде өздерiнiң меншiгiне аудара алады.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351