Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 7076 0 пікір 22 Сәуір, 2014 сағат 13:23

ЖАҢА ӘУЕЖАЙ САЛЫНАДЫ

Алматы қаласының маңында жаңа әуежай салынады деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Бұл туралы Алматыда өткен аймақтық жиын барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Амандық Баталов мәлім еткен.

Оның айтуынша, жаңа әуежай үшін Алматы қаласынан 54 шақырым жерде орналасқан Жетіген кенті маңында 2 мың гектарға жуық жер телімі белгіленіп қойылған.

«Бұл шешім Көлік және коммуникация министрлігінің ұсынысымен қабылданды. Ондағы мақсат - ұшақтардың ұшуы мен Алматы қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл әуежай сонымен қатар транзиттік қызмет те атқаратын болады. Жақын орналасқан теміржолдар, автокөлік жолдары, электр қуатының көздері және су ресурстары көлік тасымалдау мәселесін шешуге және әуежайдың жұмысын қамтамасыз етуге септігін тигізеді» - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Алматы маңында халыққа төрт әуежай қызмет көрсетеді. Олардың ең үлкені - Алматы қаласында, ал қалған кішігірім үш әуежай Боралдай, Байсерке және осы Жетіген кентінде орналасқан.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371