ШЫЖАҢ АВТОНОМИЯСЫНА ҚЫТАЙ ҚАПТАДЫ
Қытай үкіметі Шыңжаң автономиясының жергілікті аймақтарына 200 мың коммунист кадрды жіберу туралы бұйрық түсірді.
Қытай үкіметі биылдан бастап, үш жылда, жалпы 200 мың маман мен мемлекеттік қызметкерлерді «ел райын байқау, жергілікті халықпен жұмыс жасау» деген желеумен Шыңжаның ауыл-аймақтарына жіберетіндіктерін жариялап, алғашқы кезекте 70 мыңға жуық қызметкерді жергілікті өңірлерге алып барған. Он екінші ақпанда жарияланған бұл бұйрық бойынша, «Шыңжаңның түкпір-түкпірін кадрлармен қамту», «кадрлар бармаған аймақ болмау» деген ұрандармен автономияның жер-жеріне, ауыл-аймақтарына коммунисттерді жаппай жіберу науқанын қолға алған.
Жергілікі өңірлерге, ауылдарға жіберілетін кадрлардың міндет өтеу мерзімі алты айдан бір жылға дейін, бұл міндетке кадрлар өз еріктерімен қатысып жатыр деп хабарлағанымен, алайда, бұл бұйрық жедел түсірілген және қатал тәртіппен атқарылуда екен.
Ұйғыр автономиясы басшылығының хабарлауынша, автономияға қарасты органдардағы алғашқы 70 мың кадрды жұмыспен қамту 5 наурыздан бұрын толықтай аяқталған.
Қытай бұқаралық ақпарат құралдарына негізделгенде, бұйрық жарияланғаннан кейін, Шыңжаң автономиясында тапсырманы орындау туралы үлкен жиналыс ашылған, Шыңжаңдағы жоғары, орта және төменгі кадрлардың барлығына жергілікті өңірлерге барып, бір жыл жұмыс істеу міндеттелген. Бұрынғы саясат бойынша, Шығыс Қытай провинцияларынан келіп, Шыңжаңның жергілікті аймақтарында жұмыс істеп жатқан қытай кадрларының міндет мерзімі біткен болса да, бірақ, оларға жалғасты жергілікті орында жұмыс істеу талап етілген.
Автономияның әділет басқармасы, автономияның сыртқы істер басқармасы сияқты мекемелер Шыңжаңның жергілікті ауылдарына жіберілетін қызметкерлер группасының басшыларын төрт күн арнаулы тәрбиелейді екен. Осы төрт күндік тәрбиелеуде, кадрларға негізгі саясаттар және олардың жергілікті орынға барғаннан кейінгі міндеттері оқытылған. Бірінші наурызда кадрларды жергілікті аймақтарға жіберу рәсімі ретінде, жиналыс ашылған. 5 наурыздан бұрын кадрларды жіберу үрдісі толықтай іске асырылған.
Халыққа дұрыс идеология жүргізу, діннің халыққа ықпалын бәсейту, терроризмге қарсы тұру, заңсыз діни әрекеттерден сақтану деген ұрандармен ауыл-ауылға аттанған кадрлар жұмыстарын бастап та кетті.
Бұл туралы шетелдік сарапшылар былай дейді: «200 мың адам деген аз сан емес. Қытай мемлекеті сонша адамға кететін экономикалық ауыртпалыққа қарамай, тарихтан бергі ең зор көлемде жергілікті халық арасына идеология уағыздау мақсатында кадрларды жіберуі расында ойландырады. Бұл қарапайым мәселе емес, осыдан-ақ Қытайдың айлакерлігін білуге болады. Бұны қазіргі әлем саясатымен байланыстыра бағамдайтын болсақ, жақында Қырымда жалпы халықтық референдум кезінде, Қырымдағы орыстардың саны сол жердің тарихи тұрғыны татарлардан асып 60 пайыз болғандықтан, татарлар қаншалықты наразылық танытса да, референдум қорытындысында, Ресейге қосылуға мәжбүр болды. Бұл Қытайды да ойландырды. Батыс аймағын қытайландыруды үдете түсті. Сол үшін Қытай үкіметі осы бұйрықты жедел түсіріп отыр».
Автономия орталығының мәлім мекемесінен жергілікті ауылға жіберілген, бірақ атын айтқысы келмеген бір қызметкердің ақпарат беруінше, олар әрбір ауылдарға, әрбір отбасыға, тіпті диқандардың егіс атыздарына дейін барып, олардың тұрмыс жағдайын, отбасының күнкөрісін, экономикалық жай-күйін ұғысып және өздері барған ауылдағы қоғамдық қайшылықтарды хабарлап тұруға міндетті. Оған қоса өздері барған ауылдың ішкі өмірі, қоғамдық көзқарастары туралы естелік жазып отырулары керек. Және әрбір жергілікті өңірге жіберілген қызметкер болуы мүмкін кез-келген жасырын қауіп кезінде, жедел әрекет етіп, орталыққа хабарлай алатын қабілетті жетілдіру туралы үш күндік тәрбиелеуден өткен.
Бұл қызметкер әуелі жас баласы бар болса да, баласын тастап, жергілікті өңірге мәжбүрлі жіберілгенін айтқан. Егер міндеттен бас тартар болса, бұдан кейінгі қызмет жағдайына кері әсері тиеді, тіпті, оның саяси ұстанымына күдік туатындығын айтқан.
Оның айтуынша, Үрімжіден және автономия дәрежелік органдардан төменге жіберілген кадрлар өз еркімен емес, мәжбүрлі түрде ауылдарға барып жатыр екен. Аяқ-астынан міндеттелген бұл міндеттер оларға рухани, экономикалық жақтан басым әкеліп жатқандыған айтқан. Олардың отбасына және өмірлеріне де оңай болып жатпағандығын жеткізген.
Түпнұсқадағы тақырып: «Қытай үкіметі Шыңжаңды коммунист кадрлармен толтыруға уәде берді»
Келу қайнары: todayszaman ақпараттық сайты. Вашингтон.
және «Еркін Азия» ақпараттық сайты.
Ағылшын тілінен аударған Талғар ДӘЛЕЛҒАЗЫ
Abai.kz