ИРАҚТА ТАҒЫ ДА ЖАРЫЛЫСТАР БОЛДЫ
Бүгін Ирақта бірнеше рет жарылыс болды деп хабарлады BNews.kz Ақпаратқа сәйкес жарылыс салдарынан 18 адам қаза тауып, 50 ге жуық адам жарақат алған. Ирақтың Самава қаласының полициясы жарылғыш зат салынған екі көліктің күлі көкке ұшып, 7 жергілікті тұрғын қаза тапқанын, сондай-ақ 17 адам жарақат алғанын мәлімдеді. Бағдадтағы жекеменшік шейіттер колледжінде болған жарылыстан төрт полицей мен бір оқытушы өлім құшып, 18 адам жарақат алған. Жарылысты ұйымдастырған жанкешті ғимараттың кіреберісінде жарылғыш затты іске қосып, үш жанкешті ішкі баса көктеп кірген. Олардың барлығының көзі жойылған. Сондай- ақ Бағдад оңтүстігіндегі Искандерия қаласында жарылғыш зат салынған көлік жарылып, 3 бейбіт тұрғын қаза тауып, 12 адам жарақат алды. Әрі Бағдат мағындағы елді мекеннің бас көшесінде де жарылыс ұйымдастырылып, 3 адам өлім құшып, алты кісі жарақаттанған. Осыншама жарылыс әрекеттерін аймақтағы бірде бір террористік топ әзірге мойнына ала қоймады.
Абай-ақпарат