Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025
Жаңалықтар 8828 0 пікір 18 Сәуір, 2014 сағат 11:56

МАМЫРДАҒЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ НАҚТЫЛАНДЫ

Мамыр айындағы мерекелерге орай демалыс күндерінің ауысуы туралы қаулыға Премьер Министр Кәрім Мәсімов қол қойғанын хабарлады “tengrinews.kz”. Қаулыға сай 4 мамырға сәйкес келетін жексенбі демалыс күні 2014 жылдың 2 мамырына ауыстырылды. Сондай-ақ 11 мамыр жексенбі демалыс күні 2014 жылдың 8 мамырына, яғни бейсенбі күніне алмастырылған. Сөйтіп, қазақстандықтар 1-3 мамыр аралығында және 7-10 мамыр аралығында демалатын болды.  Күнделікті өндірісті қаржылық, материалдық өнімдермен қамтамасыз ететін кейбір ұжымдар, басқа да қызмет көрсету салалары кәсіподақ мекемелерінің келісімімен 2014 жылдың 2-8 мамыр аралығында жұмыс істей алатыны да қаулыда айтылған. Естеріңізге салсақ мамыр айының алғашқы он күнінде 1 мамыр “халықтар бірлігі күні”, 7 мамыр “отан қорғаушылар күні” және 9 мамыр “жеңіс күні” сияқты үш бірдей мемлекеттік мереке бар.

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2394
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4055