РЕСЕЙ АУАСЫН ЖҰТУЫҢ ҮШІН ОРЫС ТІЛІН БІЛУІҢ КЕРЕК
Ресейдің Федерация кеңесі өз аумағындағы және енді келетін шетелдіктерге орыс тілі мен тарихын білуді міндеттеп оты. Сондай-ақ, Ресей заңдарынан да хабардар болуы тиіс. Ресей аумағындағы немесе одан тысқары жерлердегі азаматтар Ресей азаматтығын аламын десе немесе орыс жерінде өмір сүремін десе орыс тілінен, тарихынан және заңнамалар негізінен емтихан тапсыруы тиіс. «Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, ол сынақты Ресейдің өзге елдердегі білім беру ұйымдары қабылдап, арнайы сертификат береді. Сертификаттың күшінде болу мерзімі 5 жыл. Бұл мерзім аяқталған соң құжатты қайтадан алу қажет. Сөйтіп, Ресейге жұмыс күші ретінде немесе уақытша тұруға келушілер сол құжат арқылы ғана визаға қол жеткізеді.
Абай-ақпарат