Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4513 0 пікір 16 Сәуір, 2014 сағат 18:25

ҚАЗАҚ САНЫ ӘУЕЛГІ 67 ПАЙЫЗҒА ЖУЫҚТАДЫ

Қазақстан халқының 65,6 пайызын қазақтар құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті деп хабарлайды "ҚазАқпарат". 

«Жыл басындағы деректерге сәйкес, Қазақстан халқының 65,6 пайызын қазақтар, ал орыстар - 21,5, украиндықтар - 4,8, өзбектер - 3, ұйғырлар - 1,4, татарлар - 1,2, немістер - 1,1 пайызды құрайды. Бұл еліміздегі үлес салмағы 1 пайыздан асатын ұлттардың көрсеткіші», - деді ол.

Сонымен қатар ол Солтүстік Қазақстан халқының 34,2 пайызын қазақтар, 49,9 пайызын орыстар, 4,5 пайызын украиндықтар, 3,5 пайызын немістер құрайтындығын атап өтті.

«Ал Павлодар облысындағы қазақтардың үлес салмағы - 49,8, орыстардікі - 37,2, украиндықтар - 4,8, немістер - 2,8 пайызды, Қостанай облысында қазақтар - 38,8, орыстар - 42,1, украиндықтар - 8,9, немістер - 3,2 пайызды құрайды», - деді Ә.Смайылов.

Оның атап өтуінше, еліміздің солтүстік өңірлеріндегі қазақтар саны табиғи өсім мен көші-қон есебінен артып келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452