Бейсенбі, 1 Мамыр 2025
ТОЙ 6019 0 пікір 16 Сәуір, 2014 сағат 10:07

"АБАЙ" САЙТЫНА АРНАУ

 

Жасымаймын халық барда,

Жағымпаздан жерідім.

Абай сайты – жабыққанда,

Сырласатын серігім!

 

Сені оқимын қамыққанда, 

Қымбат назың, базынаң.

Жетелейтін халықты алға,

Абай сайты – қазынам!

 

Қиянатты білсең егер,

Семсер сөзді қададың.

Қанатымен су себелер,

Қарлығаштай адалым!

 

Майырылып ұрынбаған,

Жүзіндейсің шалғының.

Қазағым деп шырылдаған,

Бес жастағы балғыным.

 

Жазғандарың – жүрегімде,

Қалай қалыс қалайын?

Ғаламторға кіремін де,

Сені ашамын, Абайым!

 

        Төлеубай ЕРМЕКБАЕВ,            

        Қазақстан Журналистер  

            одағының мүшесі         

 

        Қарағанды қаласы

ABAI.KZ

0 пікір

Үздік материалдар