Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4002 0 пікір 14 Сәуір, 2014 сағат 13:16

ЕЛІМІЗДЕ ШЫҒАРЫЛЫП КӨРМЕГЕН ТЕХНИКАЛАР ШЫҒА БАСТАЙДЫ

Қазақстанда мұнай-газ өндірудегі  машина жасау саласының кең ауқымды дамуы мүмкін деп хабарлайды "ҚазАқпарат". Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің Машина жасаушылар одағының атқарушы директоры Тимурлан  Алтаев айтқан.

«Бүгінде мұнай газ саласы бюджеті - белгілі, даму ырғағы бірқалыпты, барынша инвестициялық тартымды сала. Біз жуырда «Теңізшевройлмен» өте тиімді келіссөздерге қол жеткіздік. Нәтижесінде, бірлесе отырып мұнай-газ өндіруге арналған машиналар жасайтын кәсіпорындар ашуға келістік. Яғни, жарты немесе бір жылдан соң бұрын-соңды елімізде шығарылып көрмеген техникалар шыға бастайды», - деді Т.Алтаев.

Оның айтуынша, аталған салады 30-40 түрлі зат шығарылады, соның ішінде мұнай құятын ыдыстар, трубалар мен бұрғылау құрылғылары да бар.

«Шамамен 30-40 мың жұмыс орны ашылады. Яғни біз дұрыс бағытпен жылжып келе жатырмыз деп айтуға болады», - деді ол.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443