Серік Ақсұңқар. Басқа иттің де аз ба еді талағаны...

Ит сатып бер дейді ұлым.
 Ақымағым...
 Қасқыр еді әкесі, ақын - әрі,
 Дүние - базар бұл күнде, мені қайтсін,
 Иттің небір сырттаны сатылады.
«Қой!» - деймін мен,
 Қоймайды бала мына.
 Ит асырап қасқырға саламын ба?
 Күшік асырап ит еткен Абай атаң,
 Жармасты ғой о да оның балағына.
Қой деймін мен.
 Қоймайды балам әлі.
 Мына бала қоймайды - жан алады.
 ...Қайран, алтын басымды көкпар қылып,
 Басқа иттің де аз ба еді талағаны...
Мұны да олар әуреге салады әлі.
Facebookтегі жеке парақшасынан алынды.
 
                                                                                                 