Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3794 0 пікір 14 Сәуір, 2014 сағат 12:48

УКРАИНА ӨЗ ТЕРИТОРИЯСЫН ҚОРҒАУҒА ЕНДІ КІРІСТІ

Кеше Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов ресейшіл сепаратистерге 14 сәуір күні таңғы сағат 9-ға (Киев уақытымен) дейін елдің шығысындағы бірнеше қалада басып алған милиция бөлімдері мен үкімет ғимараттарын босатып, қаруларын тапсыру туралы ескерту жасаған. Турчинов егер қаруларын тастамаса сепаратистерге қарсы армияның қатысуымен "ауқымды антитеррорлық операция басталатынын" жариялаған.

Бүгін Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ресейдің ұсынысымен Украинадағы шиеленісті жағдайды талқылау үшін төтенше жиын өткізді деп хабарлайды «Азаттық» радиосының сайты. Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин Қауіпсіздік кеңесінің төтенше жиынында Турчиновтың бұл талабына:"Киев Украинаның шығысында күш қолдануды тоқтатып, шынайы диалог бастауы тиіс" деп «алаңдаушылық» білдірген екен. Ал АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Саманта Пауэрс Украинадағы шиеленісті "қолдан жасалған және онда Ресейдің қолтаңбасы айқын көрінеді" деп мәлімдеді.

Дәл қазіргі уақытта Шығыс Украинада қандай жағдай болып жатқанынан хабарсызбыз. Дегенмен Путиндік Ресейдің айтақтауымен біртұтас Украинаның іргесін қазушылар әділ жазасын алары анық. Егер алдағы уақытта Украина топырағында өмір сүремін деушілер Шекарада сап түзеп тұрған орыс әскелеріне сенбегені жөн шығар. Өйткені ең соңында ол жерде орыстың бүлікшілері емес, қарапайым украиндер қалады...

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440