ШТЫГАШЕВ КЕШІРІМ СҰРАДЫ
Еліміздің шығыс облыстарына қатысты мемдекеттің территориялық тұтастығына нұқсан келтіретін пікір айтқан (http://abai.kz/post/view?id=267 ) Хакасия жоғарғы кеңесінің төрғасы Владимир Штыгашев кешірім
«Мен ешқашан ешбір елге соның ішінде Қазақстанға тарихи құқығымыз бен аумақтық таласымыз бары туралы айтқан емеспін. Қазақстан - біздің көршіміз, біздің достарымыз және серіктеріміз. Менің пікірімнің бұрмаланып, соның салдарынан бауырлас халықтың наразылығы мен түсінбестігін туғызғанына қапалымын. Егер мен өз сөзіммен біреуді өкпелетсем, шын жүректен кешірім сұраймын», депті Владимир Штыгашев.
Соңғы кездері Ресейлік саясаткерлердің Қазақстанның территориялық тұтастығына қауіп төндіретін пікір айтуы жиілеп кетті. Қоғамда Украинадағы жағдай және Қазақстанның Еуразиялық одаққа қосылу туралы шартқа қол қою уақыты жақындаған сайын мемлекеттің территориялық тұтастығы мен Тәуелсіздігіне Ресей тарапынан қандай бір қауіп төнбей ме деген алаңаушылық бар. Ресми билік халықтың алаңдаушылығын басып, күдігін сейілтетіндей мәлімдеме әлі жасаған жоқ.
Abai.kz