Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 3988 0 пікір 14 Сәуір, 2014 сағат 09:58

"НҰР" БІЛЕЗІК ҚҰТҚАРУ КЕУДЕШЕСІН АЛМАСТЫРУЫ ҒАЖАП ЕМЕС

 

Қазақ баласы құтқару білезігін ойлап тапты.

«Нұр» деп аталатын әлгі білезікті ақтөбелік өнертапқыш Асқар Қадыров ойлап тауыпты. Ол білезікті Мемлекеттік зияткерлік меншік институты мойындап, тіркеген. Бұдан былай бұл білезік әлемдегі ыңғайсыз әрі суға батқан адамның жүзуіне кедергі болып келе жатқан құтқару кеудешесін алмастыруы ғажап емес.

«Нұр-білезіктің» құрылымы қарапайым ғана. Ол қолсағат секілді адамның білегіне тағылады. Адам суға бата бастаса, білезіктің батырмасын баса салуы керек. Сол бойда пластмасса қабыққа жапсырылған газды баллон шарды үрлейді де,батқан адамды су бетіне итеріп шығарады.

Бұл білезіктің ерекшелігі мен кемелдігі – қарапайымдығы мен икемдігінде. Әдетте білезік бола тұрып, батқан адамға қызмет етіндігінде. Асқардың айтуынша, «кәзіргі құтқару кеудешесі адамды су бетінде тырп еткізбейді және қозғалуға мұрсат бермейді».

 Өнертапқыштың айтуына қарағанда,  «білезікті қолдану мен жазда суға түскен адамдардың қауіпсіздігін сақтау мүмкіндігі биылдың өзінде жүзеге аспақ. Тек қана инвесторлар тарапынан белсенді түрде қолдау мен қаржы салу жағы қалып отыр».

Автордың есебінше, ғажап-білезік жаппай өндіру қолға алынса, әркімге де қолжетерлік нәрсеге айналып, бар болғаны 550-950 теңге шамасында сатылмақ.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1550
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3344
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6172