Сенбі, 23 Қараша 2024
Жағымды жаңалық 4823 0 пікір 14 Сәуір, 2014 сағат 09:57

ӘЗЕРБАЙЖАН МЕН ТҮРІКПЕН РЕСЕЙДІ АЙНАЛЫП ӨТПЕК

Түрікпен (орыс тілінің ыңғайына көшкен «түркімен» жазуынан бас тартып отырмыз) газының Каспий түбімен Еуропаға тартылуына бірден бір кедергі Ресей болып келген. Ресей СІМ министрі Лавров бұл жоба турасында Еуропаның кірісуін жаратпай, «Каспий маңы елдері өз бағыттарын өздері таңдауы керек» деп дипломатиялық  жолмен «қорғанып» келген.

Енді  Қырым мәселесінің талайды шошытып жатқаны басқа саяси  қордаланған мәселелердің шұғыл шешімін табуына апаратын түрі бар. Биылғы көкек айында Еуроодақтың өкілі Мален Мардтың Ашхабадқа келіп, тұсаулы мәселенің тұсаукесерін жасауға күш салғаны байқалады. Содан кейін іле-шала өзара бір біріне іш тартпай отырған әзербайжан мен түрікпен жағы «бауырласу» әрекетіне шұғыл кірісіп кетті.

Бұл жобаның мәні – Ресей құбырын айналып өтетін жаңа оңтүстік құбыр дәлізін – еуро газқұбырын тарту. Бұл – түрікпендік Каспий жағасынан Бакуге теңіз астымен 300 шақырымдық құбыр тарту арқылы іске аспақ. Бұған дейін теңіз астына құбыр тартуға қарсы болып келген Ресейдің қатыңқы қабағына Еуропаның қалқан болатынын ескерген түрікпен ағайындар бұл жобаға әзербайжан-түрікпен жағының екітарапты келісімі жеткілікті деп отыр. Алайда, Каспий теңізінің мәртебесі әлі анықталмағандықтан, теңізге тиісті бөлігіне Иран мен Ресей не дер екені беймәлім... дегенмен, «күштінің құйрығы диірмен тартады» деген мәтелді ескерсек, бәлкім бұл мәселе «ішің білсін, Алуа-ай!» тұрғысымен шешіліп қалар.

Түрікпенстан газ қоры бойынша әлемде  4-орында, ал өндіру жөнінен 14-орында көрінеді. Әзірге газды Қытайға, ТМД елдері мен Иранға сатуда.

         Әрине, бұл жайт бұлайша шешілер ме, шешілмес пе еді, егер де Ресей украиндық аумақты жаулауға қомағайланбаса... «Алмақтың да салмағы бар» деген – осы.

P.S. Еуропа мен Ресей арасындағы қазіргі теке-тіреске қатысты бір сөзінде ҚР Президенті Назарбаев қазақ мұнайы Батыс елдеріне Түрікпен арқылы, яғни Каспий теңізінің қойнауымен де жете алатындығын меңзеген болатын. Расында, Ресейдің қас-қабағына жалтақтамай әзірбайжан мен түрікпен бірауздылық танытса, біз үшінде Батысқа шығатын төте жол ашылар еді. Ал, түрікпеннің газы мен мұнайы болсада қазақ даласын басып, Шығыстағы әлеуеті зор тұтынушы – қытайға еркін жете бермек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407