Б.Байбек: Шенеуніктер партияның бар болғаны 6 пайызын ғана құрайды
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Айқын» газетіне берген сұхбатында нұротандықтардың басым бөлігін қарапайым халықтың құрайтындығын әңгімеледі.
«Әлемнің кез-келген елінде бар сыбайлас жемқорлық – қоғам үшін бас ауру, әлеуметтік қатер. Партия құрамындағы азаматтардың негізгі бөлігін, яғни 30 пайызын ғылым мен мәдениет саласының, 20 пайызын кәсіпкерлер, 15 пайызын зейнеткерлер мен жастар сияқты әлеуметтік топтар өкілдері қамтыса, жемқорлық қаупі зор шенеуніктер небәрі 6 пайызын құрайды», - деді ол.
«Сол 6 пайыздың ішінде бірен-сараны істі болса сөз бүкіл «Нұр Отанға» келетіні жасырын емес. «Бір құмалақтың бір қарын майды шірітіп жататындығын» көзіміз көріп келеді», - деп қадап айтты Б.Байбек.
Сұхбат барысында ұйымдағы ішкі тазарту жұмыстары аясында соңғы алты айда 25 мың адамның партия қатарынан шығарылғаны да хабарланды.
Абай-ақпарат