Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5209 0 пікір 24 Наурыз, 2014 сағат 18:48

Мысыр: «Мұсылман бауырлар» қозғалысының 529 мүшесі ату жазасына кесілді

Мысырдағы «Мұсылман бауырлар» қозғалысының 529 мүшесі ату жазасына кесілді, деп хабарлайды euronews.com.

Минья аймағының қылмыстық соты күдіктілерді полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған және бір топ офицерді өлтірді деп тапқан.

Бұл жағдай өткен жылдың тамыз айында Мысырда әсіредіншілдер мен қоғамның зайырлы даму жолын жақтаушылар арасындағы қақтығыс өріс алып тұрған шақта болған.

Сол кезде «Мұсылман бауырлар» тобының өкілдері полиция бөлімшесіне шабуыл жасап, қару алып, полиция бөлімшесі бастығының орынбасарын өлтірген.

Сот бір күннің ішінде  қылмыстың істі қарап, сот үкімін шығарған.

Былтырғы жылдың соңына таман «Мұсылман бауырлар» Мысырда ресми түрде лаңкестік қозғалыс деп танылып, оның қызметіне тыйым салынған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 899
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2330
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 604
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 583