Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 10519 0 пікір 21 Наурыз, 2014 сағат 15:14

Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді

Мұхтар Әуезов:

Ой да көп, уайым да көп – ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ – ойнай берсең.

***

Маңына ұрық шашпаған жақсылық жапанда жалғыз өскен бәйтерекше тұл болады да қалады.
***

Өнерпаз болсаң, өр бол.

***

Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.

***

Білім – бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.

***

Көген көз қазағыма қаратып, мінбе құрып, сол мінбеге шығарып:“Ақырғы  діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!” – десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық.

***

Жігіт қадірі өнерімен өлшенер.

***
Жалған намыс – қасиет емес, ар сақтаған – қасиет.

***
Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле.

***

Еңбек шыққан жерден төзім де шығады.

***
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.

***

Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек.

***

Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.

***

Адам көркі – ақыл.

***

Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.

***

Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана – шын мәнінде қымбат табыс.

***

Адам ірілігі бір сипат емес, ішкі-тысқы сан сипат қасиеттерінен құралады.

***

Адам баласының жасан құлқы жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен.

***

Тумай жатып – толдым деме, толмай жатып – болдым деме.

***

Қызғаныш – құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты.

***

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.

***

Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек.

***

Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза.

***

Жауға – жалынба, досқа – тарылма.

***

Амал: кіжіну бар, килігу жоқ.

***

Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болған жақсы.

***

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар.

***

Тамыр болдың – айтыс жоқ, Қолдан бердің – қайтыс жоқ.

***

Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын жандар бар.
***

Көбікті толқын санама.

***

Әділет тілесе – атаңның болсын айыбын айт.

***

Бас асауға – жез ноқта.

***

Кісінің бір ғайыбын маған айтқан адам – менің жүз ғайыбымды кісіге айтар.

***

Сын – шын болсын, шын сын болсын.

***

Іздессең – табарсың, алыссаң – аларсың.

***

Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?! 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1442
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3203
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5194