Сенбі, 23 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 11915 3 пікір 17 Қыркүйек, 2014 сағат 07:24

РУДЫ САНАП, ҚАЗАҚТЫ АЗАЙТЫП ЖҮРГЕН КІМ?

 

Біршама сайттардан «Тәуелсіз сарапшылардың есептеуіне қарағанда арғынның жан саны-  509 мың» деген мақала көзге түсті. Аты- жөндерін тірі жан білмейтін, ең болмаса құлағы қылтиып көрінбейтін осы құпия «тәуелсіз сарапшылар»  найманды да осы мөлшерде деп жазған алдында. Шынымды айтайын- тіксініп қалдым. Қазақ халқының соңғы бір ғасырдағы демографиялық өсімінен аз- маз хабары бар кез- келген адам қазақ руларының санын азайту басталғанын, сайып келгенде, бұл қазақтың өзін азайтудың  амалы екенін анық түсінеді. Біз білетін арғын 509 мыңнан ең кемі 4 есе артық. Ал үнемі өсіп отырған найман бүгіндері 3 миллионнан артық дейді кейбір есептер.

Сөзімізді дәлелдейік. 1897 жылы орыс патшасы алғашқы халық санағын өткізіп, 4 миллион 49 мың қазақты тіркейді. Өз басым мұны да азсынамын. Сай- саланы қуып кеткен қазақты орыс түгелдей теріп алды ма екен? Болыстар шынын айтпағаны анық. Себебі, жан басына салық салынады. Ал салықты азайтудың бір тәсілі- жан санын азайту. Оның үстіне патшаның бір саясаты- бұратана халықтардың жан басын азайтып көрсету екені және бар. Бірақ, тарихи дерек болып 4 миллион 49 мың қазақ қабылданып келеді. Келісейік.

Енді М. Тынышбаевтың 1917 жылғы санағына келейік. Мұқаң 5 миилион 930 мың қазақты санап береді (М. Тынышбаев. Материалы к истории киргиз- казахского народа. Ташкент 1925 г. 63 стр.). Мұның 890 мыңы- арғын, 830 мыңы- найман. Сонда1897 жылдан 1917 жылға дейінгі жиырма жыл ішінде қазақ 1,839,906 адамға немесе мөлшері 40 пайыздай өскен. Демек, қазақ саны мөлшері:

                     1937 жылы- 8 миллиондай;

                            1957 жылы- 11 миллиондай;

                            1977 жылы- 16 миллиондай;

                            1997 жылы- 26 миллиондай;

                            2017 жылы- 34 миллиондай

болуы керек еді. Қазіргі жер- әлемде барымыз- 18 миллиондай ғана деп жүрміз. Сонда қалған қазақ қайда? Осы нақты сан ба? Рас, аштық орып түсірді, әсіресе Арқада отырған арғын, керей, қыпшақ жартысынан айырылды деп жүрміз, басқа да себептер айтылады. М. Тынышбаев 1917 жылы Қазақстаннан тыста, Хорезмде- 100 мың, Бұқарада- 400 мың, Қытайда 450 мың, Ауғанстанда- 100 мың  барлығы 1 миллионнан астам  қазақ тұратынын да жазып кетті. Бұлар аштыққа онша ұрынған жоқ, әдеттегідей өсіп- өнді. Демек, қазақ даласындағы санымыз 1917 жылы 5 миллионның маңайында. Ендеше осынша халықтың жартысы аштықтан өлді, бас сауғалап тағы да шет ел асты десек те Қазақстанда;

1937 жылы- 3 миллиондай;

1957 жылы- 4,5 миллиондай;

1977 жылы- 7,5 миллиондай

болуы тиіс еді. Менің ойымша осындай болды да. Осы кезеңнен кейін бала туу азайғаны рас. Соның өзінде де Қазақстанда

1997 жылы- 10 миллиондай;

2014 жылы- 14 миллиондай

қазақ тұруы тиіс. Ал 1917 жылы шетте жүрген 1 миллион қазаққа аштық кезінде, Хрущевтің Өзбекстанға қазақ жерін бергенінде қанша қазақ барып қосылғаны жөнінде нақты ақпарат жоқ. Мөлшерлеп 500- 700 мың деп жүрміз. Сонда 1917 жылдан бергі өсімі, кейін қосылғаны бар бүгінгі күні сыртта ең кемі 10 миллион қазақ бар. Енді есептесек бар қазақ 24 миллиондай. Бірақ мұның қаншасы өзбек, қырғыз, ноғай болып жазылып кеткенін кім есептепті?

 

2009 жылғы санақта Қазақстандағы қазақты 10 098 600, немесе бар халықтың 63 пайзы деп көрсетіпті. Мұның өзін сан құбылтқанын бәріміз білеміз. Көзімізді бақырайтып қойып үш рет азайтты. Осы азайтулар, мына аяқ асты шыға келген «тәуелсіз сарапшылар» қазақты, қазақ  руларының жан басын кемітудің үлкен астары барын көрсетпей ме? Бұл кімге тиімді? Ең алдымен ойға оралатыны- жазылмаған заңға айналған, әлем жұртшылығы мойындаған бір қағида бар. Ол кез- келген мемлекетте бір халық 70 пайыздан асса, ол сол ұлттың мұрат- мүддесі алғы кезекке қойылатын бір ұлтты мемлекет болып саналады. Мысалы: Қазақстанда қазақ 70 пайыздан асса біз бір ұлтты мемлекет атанамыз. Меніңше қазақтардың саны елімізде 70 пайыздан асты. Бұған  ішқұрты бар « тәуелсіз сарапшылардың» көзі жетіп отыр. Сондықтан да келесі жолы «Дулаттар- 300 мың» деп жазары сөзсіз. Сөйтсе, Қазақстандағы ең жан саны мол үш ру бар жоғы 1 300 000 мың болады. Әлімсақтан белгілі арғын, найман, дулат қазақтардың 60- 70 пайызын құрайды. Ондай болса Қазақстанда пәленше миллион қазақ тұрады деген 2009 жылғы санақ түбірімен өтірік, одан бергі  түгеншебай дегендеріміз де шып- шылғи жалған, өзге ұлттар әлі де басым мемлекетте өмір сүріп жатқан болып шығамыз.

Міне, әлдекімдердің көксегені. Біздің әртүрлі ассамблеялар құруымыздың, әр түрлі ұлттық мәдени орталықтарды жамыратып жібергеніміздің жемісі. Сонау, 1991 жылдары Жетісуда орыс, украин, татар, ұйғыр, тағы да басқа мәдени орталықтар құрыла бастағанда тікелей қарсы болып едім. Бұлардың бастапқыда мәдениет десе, ертең саяси орталыққа айналатынын ескерткенмін. Айтқаным шын келді. Осы орталықтардың басын құраған « Қазақстан халықтарының ассамблеясы» қазақтың бір мәселесін көтергенін естігеніңіз бар ма?

Менің әзірше түсінгенім осы. Сіздің не қосарыңыз бар?

 

Камал Әбдірахман

Abai.kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406