Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 4782 0 пікір 16 Қыркүйек, 2014 сағат 21:11

МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ: АЛМАТЫ АЛДА

жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияларға мүлікті жария етуге республика бойынша жалпы сомасы 5 728,1 млн. теңге болатын 976 өтініш келіп түскен, деп хабарлады Қаржы министрлігінен. Жалпы сомасы 5 478 млн. теңгеге 1 053 жылжымайтын мүлік нысаны бойынша өтініш түскен. Оның ішінде 250,4 млн. теңге 8 заңды тұлғаның үлесінде. Жария ету жөніндегі акцияның алғашқы 15 күнінде ең көп өтініш Алматы қаласынан болған. Алматылықтар жалпы сомасы 3 690 876 мың теңгеге 367 өтініш берген. Азаматтардың белсенділігі бойынша, екінші орында Қостанай облысы. Онда - мүлікті жария етуге жалпы сомасы 44 315 мың теңгеге 107 өтініш түскен. Үшінші орында Алматы облысы, жалпы сомасы - 476 160 мың теңгеге 96 өтініш түскен. Мүлікті жария етуге ең аз өтініш берген Маңғыстау облысы, онда бар-жоғы 1 өтініш. 2014 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша, ҚР аумағынан тыс жердегі мүлікті жария етуге салық органдарына өтініш түспеген. "ҚР Ұлттық Банкі есебінің деректері бойынша, екінші деңгейдегі банктерде 2014 жылғы 12 қыркүйектегі жағдай бойынша, ақшаны жария етуге жалпы сомасы 170 млн. теңгеге 2 жинақ шоты ашылған. Бұл сомадан 300 мың теңгеден «Мүлікті жария еткені үшін алым» коды бойынша бюджетке 30 мың теңге түсті», делінген министрліктің хабарламасында.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052