Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 9565 0 пікір 5 Қыркүйек, 2014 сағат 16:59

Астана көшелері 93 пайыз қазақ тілінде

Астанадағы көшелердің негізі бөлігі қазақ тілінің атауына ие. Бұл туралы бүгін Тілдер фестивалінің басталуына орай өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Астана қаласындағы көше атауларының 93 пайызы қазақ тілінде. Яғни елордада 934 көше бар болса, оның негізгі бөлігіне мемлекеттік тілде атау берілді. Қазақстанның ешбір қаласында осындай деңгейде қамтылмаған»,- деген басқарма басшысы.

Естеріңізде болса, біраз дау-дамайдан кейін маусым айында Астана қаласындағы Мирзоян көшесі Сәтбаев болып өзгертілген болатын. Ал, Алматы қаласындағы атау әлі өзгере қоймады. Сондай-ақ Алматы қаласындағы атаулары қайталанатын көшелер мен қатар Советтік кезеңде қойылған көше атаулары да көптеп кездеседі.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385