Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Саясат 9932 0 пікір 27 Тамыз, 2014 сағат 12:26

ПАЛЕСТИНАҒА ҚАРСЫ ИЗРАИЛЬ АГРЕССИЯСЫ ТОҚТАТЫЛСЫН!

Палестина халқын қолдап, Израиль басқыншылығын тоқтату туралы

үндеу

Әлем халқтарының және барлық мемлекеттерді алаңдатқан Таяу Шығыстағы жағдай уақыт өткен сайын ауырлай түсуде. Палестина жерін толықтай жаулап алып, халқын қырып-жоюды мақсат еткен премьер-министр Б.Нетаньяху басқарған Израиль билігі Газа секторына қайтадан әскери шабуыл бастады. Қазіргі күні Палестина халқының жағдайы өте мүшкіл. Бүгінге дейін еврей сионист басқыншылары 2 мың 200-ден астам бейбіт тұрғынды өлтірді, оның ішінде 500-і бейкүнә балалар. Арабтар тұратын қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымдары қирап, тұрғындар өмір мен өлімнің арасында үрейлі күн кешуде. Баспаналары талқандалған адамдар ішер тамақ пен ауыз суға зар болып, жерден де әуеден де атқылаған Израиль әскерлері шабуылының астында қалды. Электр станциялары бомбаланып, мектеп пен емханалар және өзге де әлеуметтік орындар қирандыға айналған. Жазықсыз әйелдер, қарттар мен жараланған адамдар оққа ұшуда.

         Соңғы үлгідегі қару-жарағы бар Израиль солдаттары әуеден де, жерден де, теңізден де атқылап, бомбалаушы, жойғыш ұшақтары мен танкілерді, зеңбірктерін іске қосып, армиясы, не қару-жарағы жоқ арабтарды аяусыз қырғындауда. Палестиналық патриоттық ХАМАС ұйымы адамдары бар болғаны қолдан жасалған миномет пен снаряд, (оны Изриаиль әлемге «ракета» деп жалған ақпарат таратуда) ал полициясы ескі Калашников автоматтарын пайдалануда. Израиль солдаттарынан отбасын, баспанасын, жерін қорғаған тұрғындар тас лақтырып қарсылық көрсетуде.

         Таяу Шығыста болып жатқан қырғынға халықаралық ұйымдар үнсіз қол қусырып қарап отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Тель-Авивтың бұл агрессиясын айыптап, тоқтау салуы қажет деп санаймыз. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар Израильдың басқыншы саясатын қатаң айыптап, бейбіт халықты қырып жатқан геноцидке қарсы шаралар қолдануы тиіс.

 Әлемде мыңдаған, миллиондаған адам еврей әскерлерінің Палестина халқына жасаған қырғынына наразылық танытуда. Алайда олардың үкіметі мен БҰҰ бастаған халықаралық ұйымдар нақты әрекетке бармауына байланысты қарапайым тұрғындардың қарсылығы нәтиже бермеуде.  Осыны пайдаланған Израиль үкіметі Америка Құрама Штаттарының қолдауы мен оның әскери көмегіне сүйеніп, Палестина жерін басып алып, олардың мемлекеттік құрылымын жоюға жанталасып жатыр. Израиль үкіметі тіпті атом, сутегі, нейтрон бомбаларын, ракеталарын пайдалануға дейін барамыз деп қорқытып отыр. Ал бірде-бір араб мемлекеттерінде жоғарыдағы аталған жаппай қырып-жою қарулары жоқ.

         Тель-Авивтың агрессиясына араб, мұсылман мемлекеттері де наразылық танытуда. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы, Араб мемлекеттері лигасы секілді ірі ұйымдар өз позициясын білдіріп, сионистердің қырғынына қарсы нақты қадамдарға баруы керек. Бүгінгідей адамзат өркениетті, дамыған, адам өмірі мен бас бостандығын негізгі құндылық еткен, мемлекеттердің егемендігі мен ұлттардың еркіндігін басты орынға қоятын заманда бұндай қанды агрессияға ешқашан жол жоқ.

Осыған байланысты жалпы адамзаттық гуманизм мен халықаралық құқықты аяққа таптап, бейбіт халықты өз білгенінше қырғынға ұшыратып отырған Израиль мемлекетінің сионист басқыншылығына бәріміз бірге қарсы тұруымыз керек. Егер бұндай агрессия жалғаса беретін болса, әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылық бұзылып қана қоймай, әлсіз елдерді (оның ішінде Орталық Азия және Қазақстан бар) күшті мемлекеттер жаулап ала беретін халықаралық хаос орын алатын болады. Сонда барлық елдің бейбітшілігі мен тыныштығына, ұлттық қауіпсіздігіне үлкен қатер төнеді.

Палестинаға қарсы Израиль агрессиясы тоқтатылсын!

 

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысы,

«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» Астана қалалық филиалы,

 «А.Сәрсенбайұлы» атындағы қоғамдық қор,

 «Тәуелсіздікті қорғау» республикалық комитеті,

Астана қаласы «Мемлекеттік тіл» қозғалысы,

«Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық қозғалысы,

«Әділет» тарихи-ағарту қоғамы,

«Жас алаш» газетінің ұжымы,

«Қазақ үні» газетінің ұжымы,

«Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқық орталығы,

«Қазақстан коммунистік» партиясы,

 «Қазақстанда Парламентшілдікті дамыту қоры» қоғамдық қоры,

«Болашақ» қоғамдық қозғалысы,

«Абай.кз» ақпараттық порталы,

«Ұлт тағдыры» қозғалысы,

Алматы қалалық«Халық дабылы» қоғамдық бірлестігі,

«Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры,

«Қазақстан тарихшылары қауымдастығы»,

«Алматы қалалық қазақ тілі» қоғамы,

 «Желтоқсан рухы» қоғамдық қозғалысы,

 «Алаш» тарихи зерттеу орталығы,

 «Қазақстан» газетінің ұжымы,

 «Түркістан» газетінің ұжымы,

 «Қазақ» газеті,

«Президент және халық» газетінің ұжымы,

 «Қазақия» газетінің редакциясы,

Астана қаласы «Тіл және мәдениет» қоғамдық ұйымы.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061