Жұма, 22 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 11003 0 пікір 25 Тамыз, 2014 сағат 23:54

ҚҰРМАНҒАЗЫ - ПУШКИН: Бүгінгі іс

1. Түскі 13.00 әлетінде Құрманғазы-Пушкин көшелерінің қиылысындағы гей-клубтың алдына "Алашұлы" тобының әншісі Мақсат Рахметтің шақыруымен 40-50-ге тарта өнер адамдары, актерлер жиналды. Олардың ішінде Сәкен Майғазиев, Артур Төлепов, Асылхан Төлепов секілді белгілі тұлғалар да бар.
Олар наразылығын білдірді. "Егер 1 аптаның ішінде осы клубқа құлып салынбаса, өртеп жіберуден де тайынбаймыз" деген ультиматум қойды.

2. Түс қайта 15.30 әлетінде Бақытжан Бұхарбай, Руслан Желдібай, Яков Федоров, Нұркен Халықберген бастаған алматылық блогер, журналист жастар Алматы қалалық ІІБ-на арызды тапсырды. Енді дәл осы арыздың нұсқалары прокуратура мен әкімшілікке түсіріледі. Ертең тергеуші бекітіледі. Жауап күтіледі.

3. Түс қайта осы бәлекетті жасаған Havas Worldwide Kazakhstan агенттігі кешірім сұрады. Әзірге Фэйсбуктегі бетінде. "Мы разработали эту идею для узкого круга лиц, для центральноазиатского фестиваля рекламы Red Jolbors в Бишкеке и получили за нее бронзу. Мы не ожидали, что принт вызовет такой небывалый резонанс в социальных сетях и прессе. Вижуал не использовался для наружной рекламы и не был предназначен для размещения где-либо. Сам же он коммуницирует пересечение улиц, где расположен этот тематический клуб. Мы приносим искренние извинения тем, кого оскорбил или покоробил этот макет. Признавая бесценный вклад в культуру великого русского поэта и великого казахского композитора, мы официально сообщаем, что данный принт не будет распечатан, размещен или опубликован в платных медиа".

ЖОСПАР

Енді бұл шараны астаналықтар іліп әкетіп, арызды жергілікті әкімшілікке, Парламент депутаттарына, Адам құқығын қорғау жөніндегі комиссия секілді құзырлы органдарға жолдау керек.

Өркен Кенжебектің Фейсбуктегі парақшасынан алынды.

 

Алматы қалалық ІІБ басшысына
Алматы қаласының прокурорына


АРЫЗ

23-24 тамыз аралығында Red Jolbors Fest жарнама байқауында қазақтың атақты күйшісі Құрманғазы мен орыстың ұлы ақыны Пушкиннің сүйіскен суреті жарнама байқауынан қола медаль алды. Бұл жарнаманың авторы - "Havas Worldwide Kazakhstan" ЖШС, тапсырыс беруші - ЛГБТ қауымдастығы. Жұмыс тобы мүшелері: Роман Стратийчук, Борис Климов, Ксения Березовская, Сергей Старых, Валерий Володин, Олжас Исенов. Бұл жарнамалық сурет әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, халықтың наразылығын, ашу-ызасын тудырды.

Біріншіден, бұл жарнамалық суретте қазақ және орыс халқы үшін құндылық болып табылатын ұлы тұлғаларды осындай кейіпте суреттеу, яғни ұлы тұлғаларды гомосексуалист кейпінде бейнелеу тікелей ұлтты қорлау, алауыздық тудыру болып табылады. Сондықтан, ҚР Конституциясының 14-бабында, яғни «тегіне, әлеуметтік, лауазымды, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» анықталған жайт бойынша тексеріс жүргізу қажет.

Екіншіден, аталмыш сурет тіркелмеген ЛГБТ қауымдастығының тапсырсын орындау болып табылады. ӘБтК 374-бабының бірінші тармағында «тіркелмеген қоғамдық ұйымдар жұмысына қатысса, АЕК елу айыппұл салуға әкеліп соғады». Сондықтан, осы тіркелмеген ұйым мүшелерін тауып, анықтауды, заңдық тұрғыдан қарастыруды сұраймыз.

Үшіншіден, бұл Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» заңының 6-бабын, яғни «Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтуріді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшін пайдаланылмауға тиіс» және 7- бабын, яғни «жеке тұлғалардың нәсіліне, ұлтына, тіліне, кәсібіне, әлеуметтік жағдайына, жасына, жынысына, діни, саяси және өзге де нанымына қатысты қорлайтын сөздерді, теңеулерді, бейнелерді пайдалану арқылы жалпыға бірдей қабылданған ізгілік пен мораль нормаларын бұзатын мәтіндік көріністі, дыбыстық ақпаратты қамтитын; ұлттық немесе әлемдік игілік болып табылатын өнер, мәдениет объектілеріне, тарих ескерткіштеріне нұқсан келтіретін жарнама әдепсіз жарнама болып табылады» дегенін өрескел бұзып тұр. Ал ӘБтК 349-бабы бойынша «Қазақстан Республикасының заңдарымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану жеке тұлғаларға АЕК елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады» деп көрсетілген. Сондықтан, аталмыш жарнамалық сурет авторларын, тапсырыс берушілерін заңдық жауапқа тартуды сұраймыз.

Осы көрсетілген жайттар бойынша тез арада заңдық тексеріс жүргізіп, шара қабылдауды сұраймыз.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279