Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4821 0 пікір 22 Тамыз, 2014 сағат 12:02

15 жасар ауғандық Қазақстанда құжатсыз ұшпақ болған

 «Астана» шекаралық бақылау отрядының бақылаушылары жалған құжат көрсеткен 15 жастағы Ауғанстан елінің азаматын ұстаған. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Бішкек - Астана» бағытындағы КС 152 халықаралық әуе рейсін рәсімдеу кезінде 1994 жылы туылған Дания азаматының атына берілген жалған құжат анықталған. Күдікті жолаушы Қазақстан арқылы транзитпен ұшып бара жатқан. Оның айтуынша, Кабул қаласынан Бішкекке ұшып келіпті, одан Астанаға келіп, бұдан әрі Лондонға, Ганноверге ұшуды жоспарлаған. Тексере келгенде, жолаушының қолында транзиттік билеті мен ұшаққа отырғызу талоны болмай шығыпты. Аталған іске байланысты құзырлы органдар  жедел тергеу амалдарын жүргізуде екен.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286