ЭКСПО-2017 көрмесіне 1,7 млн адам қатысады
ЭКСПО Халықаралық көрмесіне 1,7 млн адам қатысады деп жоспарлануда.
Baq.kz-тің жазуынша бұл жөнінде «Болашақтың энергиясы: энергияны тиімді пайдалану» халықаралық семинарында ЭКСПО халықаралық қатынастар Департаментінің директоры Нұрбек Ергешбаев мәлімдеген.
Көрмеде әрбір қатысушы елге 1 мың шаршы метрден кем емес жерден беріледі. Оның ішінде елдерге 350, 400, 550, 750, 1000 шаршы метрден тұратын 5 павильондар алаңы ұсынылады.
Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға 50-ден астам компания өтініш білдірген. Барлығы Халықаралық көрменің ұйымдастырылуына республикалық бюджеттен 283 млн еуро бөлінеді деп жоспарлануда.
Абай-ақпарат