Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 5054 0 пікір 19 Тамыз, 2014 сағат 00:04

37 Украина азаматы Қазақстаннан босқын мәртебесін сұрады

Украинаның 37 азаматы Қазақстан билігіне босқын мәртебесін алуға өтініш білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz  ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

"Бүгінде Алматы, Астана қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармаларына босқын мәртебесін беруді сұрап, Украинаның 37 азаматы өтініш білдірді", - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында барлығы 589 босқын немесе 131 отбасыға құқықтық-әлеуметтік көмек көрсетіледі, олар қорғауға алынған. Олардың дені - 556 адам - Ауғанстаннан келгендер. 

Айта кетейік, ҚР Ішкі істер министрінің блогына Қазақстан билігінен босқын мәртебесін беруді сұрайтын Украина азаматтарынан өтініштер келіп түсіп жатыр.


Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1538
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3324
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6049