Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 5283 0 пікір 7 Тамыз, 2014 сағат 13:11

Мүлікті заңдастырудың мүмкіндіктері

Мүлікті заңдастыру туралы елімізде қолға алынған науқан азаматтарға қандай мүмкіндіктер береді? Аталған шара экономикаға қандай пайда әкелмек? Назарларыңызға заңдастыру туралы заңнамаларға сүйене отырып, жазылған жауаптарды ұсынамыз.

 «Қазақстан Республикасы азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы мүлікті, соның ішінде бұрын заңды экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны заңдастыру бойынша мемлекеттің бір реттік акция өткізуіне байланысты, сонымен қатар, ҚР азаматтарының, оралмандардың және ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың табыстары мен мүліктердің декларациялануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Экономикалық зерттеулер институты сарапшыларының бағалауына сәйкес, алда өткізілетін заңдастыру кезінде 2 триллион теңгенің мүлкі заңдастырылады деп болжануда.

Жария етудің арқасында қолымызда бар мүлікті заңдастыруға және заңды айналымға енгізуге мүмкіндік аламыз.

Бұл алда өтетін жалпыға ортақ декларацияланудың енгізілуіне байланысты, азаматқа өз мүлкін қазір заңдастыруға мүмкіндік беріп отыр. Кейін ол мүлкін еркін көрсете алады.

Сонымен, алда өтетін заңдастыру белгіленген межеге жетеді және заңдастырылған капитал түрінде экономикаға қосымша ресурстар тартады.

Елімізде мүлікке рақымшылық жасау туралы бастама қолға алынғалы азаматтар тарапынан түрлі сұрақтар келіп түсуде. Оқырман тілегіне орай, мүлікті тіркеу мәселесі жеңілдетілген бе  деген сұраққа жауап іздеген едік.

 «Қазақстан Республикасы азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, құрылыс нормалары мен ережелеріне, сондай-ақ меншік құқығын жария етуші субьектке тиесілі жер телімінің мақсатты пайдалануына сәйкес келетін ғимараттар жария етілуі тиіс. Айта өтейік, ҚР аумағында орналасқан ғимараттар заңдастыру кезінде алым алынатын мүліктер тізбесіне кірмейді. Заңның 7-ші бабында мүлікті заңдастыру субъекттің комиссияға құжаттарын беру арқылы жүргізілетіні айтылады. Осыған орай, барлық қажетті құжаттарды жианстырып, құжаттардың қосымшасымен бірге өтінім беру жеткілікті. Осыдан кейін комиссия шешім шығаруы тиіс. Есіңізде болсын, бұл үшін бірнеше органға барып, табан тоздырудың қажеті жоқ, бір жерге құжат өткізу жеткілікті.

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052