Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 8610 0 пікір 7 Тамыз, 2014 сағат 11:56

Психомоториканың соңғы жетістіктері Қазақстанда

Алматыда «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді сауықтыру барысында психомоторика әдістерін қолдану» атты үш күндік семинар өз жұмысын бастады. Семинарды жүргізуге   әдіскер ретінде осы саладағы ең белді мамандардың бірі, Италиядағы психология және психомоторика саласындағы зерттеу орталығының жетекшісі Франко Баскаини шақырылды деп хабарлайды «Дара» қорының PR-менеджері Хадиша Сержанова.

Шараны «Дара» қайырымдылық қоры мен «Кеңес»  мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді сауықтыру орталығы ұйымдастыруда. Семинар  Қазақстанда инклюзивті қоғам қалыптастыру жобасының аясында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат   қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен өткізілуде.

 Семинар барысында түрлі аймақтардан келген 25 маман дайындықтан өтеді. Олар «Кеңес» сауықтыру орталығында бірнеше жылдан бері  қолданылып келе жатқан бірегей авторлық сауықтыру бағдарламасымен танысады. Психомоторика бөлімшесінде емделіп жатқан балалармен жұмыс істеп, теориялық білімдерін іс жүзінде бекіте алады. Дайындықтан өткен мамандар биылдан бастап  Қазақстанда инклюзивті қоғам қалыптастыруға арналған жоба аясында Астана, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе қалаларында ашылатын коррекциялық кабинеттерде жұмысқа кіріседі. Бұл кабинеттер жыл сайын 1500-ге тарта мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетуге есептелген. Мамандар жұмыс барысында семинарда меңгерген психомоторика әдістерін кеңінен қолданбақ.

Психомоторлық тәжірибе жөніндегі мамандар лопопед, психолог, психотерапевт,   физиотерапевт, дене шынықтыру тәрбиешісіне тән біліктерді меңгеруі тиіс. Аталмыш ғылым саласының жетістіктері  әлемнің көптеген елдерінде аутизм, тілінің мүкісі бар немесе психикалық дамуы тежелген балаларды сауықтыру әдісі ретінде кең қолданыс тапқан. Қазіргі таңда Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы саны 138 мыңнан асады. Инклюзивті қоғам қалыптастыру жобасының мақсаты  - денсаулығында мүкісі бар балалардың өз қатарларымен бірге жалпы орта білім беретін мектептерде оқып, қоғамда орнын табуына көмектесу.

«Дара» жеке қайырымдылық қоры балаларды емдеу сауықтыру мекемелеріне, балалар үйлеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп интернаттарға қолдау көрсетуге бағытталған жобалармен айналысады. Ұйым бірінші кезекте жақындарының қамқорлығынан айрылған, мемлекеттік мекемелер мен басқа қайырымдылық қорларының назарынан тыс қалған балаларға қолдау көрсетеді. Астана, Алматы, Бурабайда  филиалдары бар. Толық ақпаратты www.dara.kz сайтынан ала аласыздар.

Басталуы:7 тамыз 10-00

 Байланыс: Хадиша Сержанова, «Дара» қорының PR-менеджері   87017554953;hadish@mail.ru

Шараның өткізілетін орны: «Кеңес» кешенді сауықтыру орталығы

Алматы қаласы,  Құрманғазы көшесі, 166; Жароков және Гагарин көшелерінің орта тұсында

(қалай  жету керектігі  http://www.center-kenes.kz сайтында көрсетілген)

 

Абай-ақпарат        

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338