Дүйсенбі, 9 Желтоқсан 2024
46 - сөз 6141 0 пікір 7 Тамыз, 2014 сағат 10:13

КАДДАФИДЕН ҚАЛҒАН СӨЗ

«Қырық жыл бойы халқымды үздіксіз баспанамен, мектеп және ауруханамен қамтамасыз ету үшін отандастарыма қолдан келгенше жағдай жасадым. Аш болғанда оларды тамақтандырдым, тіпті, шөл дала Бенгазиді гүлденген аймаққа айналдырдым. Мен ковбой Рейганның шабуылдарына тойтарыс бердім. Мені өлтіргісі келген Ол ешқандай жазығы жоқ баламды жазым етіп кетті. Мен Африка одағының қаржысымен Африкадағы бауырларыма да үзбей жәрдемдестім. Елге нағыз демократияның не екенін түсіндіру үшін қолдан келгенше көмектестім. Бірақ, бұған қанағат етпеді көбісі. Тіпті 10 бөлмелі пәтері барлардың өзіне де жаңа жиһаз бен киім-кешек алып берсемде көңілдері қош болғанын көрмедім. Дүниеқоңыздық бен өзімшілдікке салынған олар америкалықтармен және өзге елдің өкілдерімен ымыраға келіп, елге «нағыз демократияның» жетпей жатқанын айтып шағымданды. Бірақ бұл «демократия» мен «бостандық» күштілердің құқын ғана қорғайтынын олар түсінбеді. Олар америкада қайыр сұрағандар ғана тәуелсіз күн кешетінін және тегін көже ол жақта тек қайырымдылық мақсатында ғана таратылатынын, онда да бұған қол жеткізгісі келгендердің ұзын-сонар кезекке тұратынын білген жоқ. Америкада біздің елдегідей тегін медицина, тегін аурухана, тегін білім мен тегін баспана жоқ екенін ұғынғысы келмеді. Мен не істесемде барлығына бұл аз болып көрінді. Басқалары менің арабтар мен мұсылмандардың бірден-бір көсемі, халқының Суэц каналын пайдалануға қақы бар екенін мәлімдеген Абдел Насердің ұлы екенімді білді. Ал мен оның бастамаларын үлгі ете отырып, өз халқымның Ливияның толыққанды иесі екенін мәлімдедім және оны отарлаушылардың ықпалынан арашалап қалуға тырыстым. Енді міне мен әлемдегі ең күшті армияның соққысына ұшыраудамын. Ал менің Африкалық інім Обама мені өлтіріп, біздің тегін баспанамызды, медицинамызды, тегін білім мен тамағымызы тартып алып, оны «капитализм» деп аталатын американың сұғанақ жүйесімен алмастырмақ. Үшінші әлемде өмір сүретін барлығымыз оның қандай қоғам екенін әлбетте жақсы білеміз. Бұл дегеніміз елді корпорациялар билеп, қарапайым халықты қанау деген сөз. Менде басқа амал қалмады. Мен өз позициямды ұстап қалуым керек. Біздің елге осынша байлық беріп, халқымның әл-ауқатын көтеріп, Африкадағы бауырларыма көмектесуге мүмкіндік берген, араб бауырларым мен қарындастарыма Ливия Жамахириясында жұмыла жұмыс істеуді жазған Аллаға үлкен алғыс айтамын. Егер Алла қаласа мен өз ұлысым үшін өмірімді қиюға дайынмын. Балаларымыздың бас амандығы мен елімді құтқарып қалу үшін осылай істеуге мәжбүрмін. Осы өсиетім арқылы бүкіл әлем менің НАТО кресшілерінің кезекті шабуылына қарсы шыққанымды білетін болады. Мен қатыгездік пен сатқындыққа төзе алмаған африкалық өзге бауырларыммен иық тірестіріп оларға қарсы шықтым. Мен бәдәуилер шатырында, қарапайым үйде өмір сүрдім. Сиртта өткізген жастық шағымды ешқашан естен шығарған емеспін. Мен ұлттық байлықты оңды-солды шашқан жоқпын. Ислам үшін Иерусалимді азат еткен мұсылмандардың ұлы көсемі Салахаддин сияқты аз нәрсені қанағат тұттым. Батыста мені «ақылсыз», «ақымақ» дейді. Бірақ шындықты білсе де олар өтірік айтудан ешқашан тайынған емес. Олар менің ұстанған жолым халқымның көңілінен шығатынын және бұл үшін менің басымды бәйгеге тігуге дайын екенімді біледі. Азат, тәуелсіз Ливияның өздеріне кіріптар емес екеніне іштей өкінеді. Ал мен осы бостандық үшін ақтық демім шыққанша айқастым. Ұлы Жаратушы біздің еркін де ерікті болып қала беруімізді нәсіп еткей!»

***                 ***                    ***

Каддафи кім болған? Миллиардтарды қалтасына басқан мыстан дейді біреулер, енді бірі мемлекетті өз меншігіндей көрген «көсем» дейді…Бірақ, кейбіреулер диктатордың өз еліне жасаған осы жақсылығының жартысын да жасай алмады... Кей президенттермен салыстырғанда бәзбіреулердің оны әулие көретіні осы шығар…

Жолымбек Мәкішев (“Facebook” әлуметтік желідегі парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1568