Сенбі, 23 Қараша 2024
Не дейді?! 5861 0 пікір 4 Тамыз, 2014 сағат 10:45

ПШОНКА ПРЕЦЕДЕНТ БОЛМАЙ-АҚ ҚОЙСЫН!

Украинаның бұрынғы бас прокуроры Пшонка Қазақстан азаматтығын алды деген хабар тарап жатыр.  

Меніңше, біздің осы әңгімелерге Сыртқы істер министрлігі (СІМ) шұғыл түрде өз түсіндірмесін беруі қажет.

Өз елінде «Майдандағы адамдарға оқ атты» деген айып тағылып жатқан, кешегі өзінің тұрған үйінің адам сенгісіз дәулетін әлемге жайып тастаған, соңынан сөз ерген шенеуніктің еліміздің азаматтығын алу мүмкіндігі - жай ғана СІМ шеше салатын нәрсе емес. Ол нағыз саяси позиция, нағыз саяси таңдау! Қоғам ол шешімге еш қатыссыз қарап  тұра алмайды!

Онсыз да Украинағабайланысты оқиғаларға жөнді баға бере алмай келе жатқан шенеуніктердің қалған-құтқан абыройы Пшонканың атышулы алтын жалатылған унитазынан аққандай төгіледі!

Ресей үлкен ел емес пе? Жері жетеді! Өзі баспана мен азаматтық бере берсін Пшонка секілділерге. Бізді араластырмай-ақ қойсын!

Ендігі жерде Бақиевке баспана берген Белоруссияның кебін кию қалған еді бізге...

Әміржан Қосанов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347