Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
46 - сөз 8571 0 пікір 31 Шілде, 2014 сағат 18:44

Қуандық Шамахайұлы. Будданың сөзі

1.Барды бар күйінде қабылда!
Біз көбінесе, шектен тыс салыстыра береміз де, өткенді аңсаймыз, болашақты қиялдаймыз. Бірін бірінен артық немесе кем деп жүріп, ақыры, жақсыны жаманмен айырбастап аламыз. Ол да бір нәпсіқұмарлық, оңбайтын тірлік.
2.Біреумен бақталасуды қой!
Оның соңы жоқ жерден қиындық тудыруға ұласып кетеді. Сөзбен асамын, басып озамын деп жүріп беделден айырылуың ғажап емес.
3.Біреуге мін тағып, жазғырма!
Оны да бар күйінде қабылдап үйренген абзал. Жақсы немесе жаман екенін талқылаудың соңы орынсыз қызғанышты, жек көрушілікті тудырады.
4.Ашу-ызаны тежеп үйрен!
Ызаның соңы еш қашан жақсылықпен аяқталмайды.
5.Еш қашан өкінбе!
Болары болған соң өкінуден еш қайран жоқ, оны сол өткен шақта қалдырған абзал.
6.Үрей мен уайымнан бойды аулақ ұста!
Келер күннен үміт күту керек. Одан қорқу немесе күдіктену қосымша қиындықтарды өзің шақырғанмен бірдей.
7.Біреуге кінә артпа!
Егер пәлені өзгеге жауып, өзіңді құтқарамын десең, ауырпалық таусылмайды, соңыңнан бір елі қалмайды.
8.Мұңға батып, қайғырма!
Әрдайым еңсе тіктеп жүру игі істерге жетелейді.
9.Қорқыныштың қою бұлтын өзің сейілт!
Қауіп-қатер шынайы нәрсе. Сен қорықтың екен деп ол жоғалып кетпейді. Қорқынышты сақтықпен жеңуге болады.
10.Күлімсіреп жүр, реті келсе қарқылдап та күліп ал!
Көзден жас шыққанша, ішек-сіле қатқанша күлудің пайдасы шексіз.

P.S. Бұл менің ойым емес, Будданың сөзі екенін ескерсеңіздер екен

(Фейсбуктегі жеке парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036