Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4765 0 пікір 29 Шілде, 2014 сағат 13:13

ГРУЗИЯ СААКАШВИЛИ ҮСТІНЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАДЫ

Михаил Саакашвилидің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Грузияда Михаил Саакашвилиге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы аталған елдің Бас прокуратурасы хабарлаған. Экс-президент бұған дейін де прокуратураға шақыртылған.

Саакашвили 2007 жылы "Имеди" телекомпаниясының талқандалуы мен миллиардер Бадри Патаркацишвили мүлкінің тәркіленуіне қатысты іс бойынша жауап бермек. "Грузия Бас прокуратурасы Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы қаулы қабылдады. Іс 2007 жылдың 7 қарашасында ереуілшілерді жаппай қууға, "Имеди" телекомпаниясын талқандауға және Аркадий (Бадри) Патаркацишвилиге тиесілі мүлікті қылмыстық жолмен тартып алуға қатысты", - делінген прокуратураның мәлімдемесінде.

Экс-президенттің анасы Гиули Аласанияға берілген шақыру қағазы бойынша Саакашвили прокуратураға 28 шілде күні жергілікті уақыт 11.00-де келуі тиіс болған. Бірақ ол жауап беруге келмепті. 

Саакашвили өткен жылы қараша айында елдің жаңа президентінің ұлықтау рәсімінен соң бірден елден кетіп қалған еді, содан кейін Грузияға оралған жоқ. Оның үстінен "Қызметтік өкілеттігін пайдаланып, зардап шегушінің жеке ар-намысын төменсіту" бабы бойынша тергеу жүргізіледі. Бұл бап сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. 

 Естеріңізге сала кететін болсақ, Раушан реболюциясының көшбасшысы саналатын аталған тұлға Грузияның үшінші президенті. Ол билікте 25 қаңтар 2004 жылы-нан 25 қараша 2007 жылына дейін және 20 қаңтар 2008 жылынан 17 қараша 2013 жылына дейін отырды. Оның тұсында Грузияға тиесілі Оңтүстік Осетия елден бөлініп кетті.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052