"Антигептил" қозғалысы Нидерландқтарға көңіл айтты
"Антигептил" қозғалысы Нидерландқтарға көңіл айтты
"Біз, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, "Антигептил" азаматтық қозғалысы, Халық Альянсы қозғалысы және "Нағыз Желтоқсан" қоғамдық қоры, 2014 жылы 17 шілдеде, Амстердам - Куала-Лумпур бағытындағы ұшақтың - Украина жерінің, "орысшыл бүлікшілер" бақылаған аймақтан - атып түсірілуіне байланысты, ұшақ ішінде көпшілік болған Нидерланд Корольдігі азаматтарының жазықсыз қазаға ұшырауы себепті, Нидерланд Корольдігі халқына қатты қайғырып көңіл айтамыз.
Біз, сондай-ақ, ұшақты атып құлатқан қылмыскерлердің жылдам табылып, халықаралық сотқа тартылып, тиісті жазасын алуын қолдаймыз", - делінген көңіл айту хатында.
Абай-ақпарат