Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5487 0 пікір 16 Шілде, 2014 сағат 18:19

«Гүлнәр тур» компаниясының басшысы қашып кетті

 «Гүлнәр тур» компаниясының басшылығы жалған құжатпен шетелге кетіп қалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы баспасөз мәслихаты барысындағы мәліметтерде хабарланды.

Палатаның мәліметтеріне қарағанда, аталған компанияның басшылығы байланысқа шықпай отыр. Нақтылағанбаған ақпарат бойынша, ол жалған құжатпен Қазақстан аумағынан кетіп қалған.

Баспасөз мәслихаты барысында «компанияның директорымен соңғы рет қашан байланысқа шығуға мүмкін болды?» деген сауалған ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаева: «Директормен біреу байланысқа шығып жатса, сол адамға сыйақы беруге даярмын. Өкінішке қарай, бүгінде онымен байланыс мүмкін болмай тұр», - деп жауап қайтарды.

Естеріңізге сала кетейік,  Түркияда қазақстандық туристер үйіне жете алмай, жат елдің әуежайын сағалап жүруге мәжбүр болған еді.

«Гүлнәр  тур» фирмасының жолдамасын сатып алған туристер көп ұзамай өздерінің алданғанын білген. Келісімшарт бойынша Jet Airlines әуе компаниясы қазақстандық туристерге  тек 30 маусымға дейін қызмет көрсетуге тиіс болатын. Ал фирма басшылығы болса, туристерге жолдаманы шілдеге дейін сатып келген. «Гүлнәр тур» фирмасының туристерге келтірген шығыны 30 млн. теңгеден асқан көрінеді.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383