Амангелді Керімтаев. Абай сынаған әдеттерден арылуымыз керек
Кейде менiң көкейiме егер қазақ тарихында Абай болмаса, бiздiң ұлттық парасатымыздың деңгейi қандай мөлшерде қалар едi деген бiр ойлар сығалап қояды да Абайдың болғанына мың тәубә қыламын. Онымен қоса бүгiн “абайсыз” жүрген қазақты көрiп қынжыламын. Абай даналығынан тағлым алуды былай қойып, оны білмейтін жастарды көрiп, түңiлуге дейiн барасың. Қара сөзiнiң бiрiнде Абай: “Қазақ өз аулындағы бiлiмдiнi мойындамайды, бiр белдiң астындағы бiреудi данышпан десе соған ат сабылтады, аруақ көтерiп, пiр тұтады. Ал, сол бел астындағы “данышпанның” өзiнiң қасындағы бiлiмдiнiң қолына су құя алмайтынын бiлмейдi”-деп сынаған. Осындай ем қонақтамайтын дерттен қазақ күнi бүгiнге дейiн арыла алмай-ак келедi. Шынында қазақтың өз iшiнде топ жарған тарлан боздар бұрын да табылған, келешекте де табыла беретiнiне сенемiн. Оған сендiретiн құдыреттiң өзi сол Абай. Тек бiз Абай сынаған әдеттен құтылуға талпынуымыз керек. Осы әдеттен құтылған күні ел бiрлiгiнің, ұлт қуатының арта түсетiнiне күмәнiм жоқ. Жастарға да күмәндәнбауға кеңес берер едiм.
(Амангелді Керімтаевтың фейсбуктегі парақшасынан алынды)