Есей Жеңісұлы. БАҚТИЯР ЖАҒЫНДАМЫН
Әңгіме жоқ, Бақтияр - өте жақсы жігіт. Мақтаныш. Қызға қол жұмсағаны рас болса, кешірімсіз. Бірақ өзі түгелдей жоққа шығарып отыр. Іс осылай насырға шапқасын, ол да қорғануға құқылы.
Қыз бала - ұлттың жаны. Бірақ қазір оның келбеті өзгеріп бара жатыр. Алматыға екі қыз, екі жігіт ауылдан келсе, кім бірінші орыстанады? Қыз. Ол орыстанған бала туады, орысқалыпты өмір салтымен өседі. Сондай ұрпақтың екінші толқыны келе жатыр қазір. Оларға бәрінің құны бес тиын. Ауыз былғап, былғанған аузына келген сөзді айтып, аяқ көтеріп, артынша "қызбын, менікі жөн" деп тұратындар көбейді.
Өмір бойы спортты жазып келемін. Сондықтан спорттағы әрбір қаһарманға зор құрметпен қараймын. Бақтиярмен неше рет сөйлесудің сәті түсті. Ол - ұлттың маңдайына біткен жігіт.
Илья Ильин де Бейжіңнен соң біраз сенделіп, шоу қаһарманы болып, пышақтасып, сәл жолдан тайғанда "батыр ғой, жарасады" деп ойлағанмын. Артынша Илья Қазақстаннан шыққан тұңғыш екі дүркін олимпиада чемпионы атанды. Сол кезде біреуіміз шығып, "ей, бала, сен кеше қуып жүр едің ғой" дедік пе? Жеңісін өзімсіндік қайта.
Мен Бақтияр жақпын. Оның Афинаға қандай өткелектерден өтіп барғаны, жер болғалы тұрған намысты көтергені ұмытылмақ емес. (
(Есей Жеңсұлының фейсбуктегі парқашасынан алынды)