Сенбі, 18 Қазан 2025
Жаңалықтар 6388 0 пікір 8 Шілде, 2014 сағат 13:55

Рефат Шұбаровқа отанына кіруге 5 жыл тыйым салынды

Қырым Татар Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Рефат Шұбаровтың   Қырымға кіруіне тыйым салынды.
Рефат Шұбаров Украинаның Херсон қаласында өткен Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі жиналысынан оралған кезде шекарада тоқтатылып, паспорты тәркіленді деп хабарлайды Түркияның http://www.trt.net.tr/ сайты.
Қырым прокуроры Наталья Поклонская шекара бекетінде тоқтатылған Шұбаровты радикалды іс-шаралармен айыптаған 2,5 беттен тұратын ескерту мәлімдемесін оқыды.
Шұбаровтың ескертуді Қырымның ресми тілдерінің бірі ретінде Қырым Татар тілінде оқылуын талап еткен сұранысы жауапсыз қалды.
Шұбаров осыдан кейін Украинаға оралды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 951
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10208