Бейсенбі, 7 Қараша 2024
Жаңалықтар 3773 0 пікір 8 Шілде, 2014 сағат 12:38

Астана күні Таразда 140 отбасы баспаналы болды

Тараздың «Бәйтерек» шағынауданында Астана күні мерекесіне орай көппәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жаңа пәтер кілттерін Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, Ауған соғысының ардагерлеріне, жетім балаларға, сонымен бірге кезекте тұрған қала тұрғындарына тапсырды.

Облыстық әкімдіктің мәліметтері бойынша, Таразда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға 1,28 млрд. теңге бөлінді. Қазір «Бәйтерек» ауданында тағы көпқабатты алты  үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның үшеуі биылғы жылы пайдалануға беріледі. 2014 жылы жалпы көлемі 265,5 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1097
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 1942
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 1922