Сенбі, 23 Қараша 2024
Осы ғой енді... 8226 0 пікір 20 Маусым, 2014 сағат 11:09

ҚАЗАҚТЫ ҚАЗАҚ БӨЛЕМІЗ, ӘЙ, ТҮБІ ОСЫМЫЗДАН...

(Памфлет)

                                «Шымкенттіктерді Қостанайға әкеп төгеді екен... олар келсе, біздің байлығымызды тартып алады...». Кейбір қала қазағының гу-гу әңгімесінен.

 

Аспанды тіреп төбеміз,

Тұрғандай-ақ, шетімізден төреміз.

Жамандықты біткен пендеге,

Тек Шымкенттен көреміз.

 

Қызылорда, Тараз, Алматы,

Олардың өзге бар ма аты?

-Деп еш таңданбаймыз,

Шымкент екен зәу-заты.

 

Қазақты солар күндейді екен,

Орыссыңдар-деп тілдейді екен.

Өзбекше сөйлеп өздері,

Пловтан басқаны білмейді екен.

 

Насыбайдың өзін

Шымкент қана атады екен.

Қостанайлықтар

Иіскеп қана жатады екен.

Әйел теңдігі жоқ ол жақта,

Қыздарын да сатады екен.

Атасы жуғызып аяғын,

Келініне, күнәға батады екен.

 

Қысқасы, артта қалған сол елде,

Жақсы емес екен бір пенде.

Көшіп кеп олар байлыққа,

Ие болады екен бірдемде...

Осылайша

Қазақты қазақ бөлеміз.

Әй, түбі осымыздан,

Атымыз өшіп өлеміз...

Ойласаңшы, тереңнен

Өзімізді өзіміз

Неге жат көреміз?..

Ұлы Абайдың

«Біріңді қазақ, бірің дос,

Көрмесең істің бәрі бос»

-Деген сөзін еске алмай,

Айтаққа бекер ереміз.

 

Күләш Керімбекқызы

Қостанай қаласы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377