Жұма, 16 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4213 0 пікір 18 Маусым, 2014 сағат 15:54

Астана күнін тойлауға 700 миллион теңге жұмсалады

Астана күнін тойлау шаралары маусымның 20-сы күні басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұловқа сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, қала күніне орай барлығы 70-тен астам мәдени шара өтеді. "Мерекелік шаралар маусымның 20-сы күні басталып, шілденің 4-інде аяқталады. Одан кейін демалыс күндері болады. Сол кезде де көптеген мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылады", - деді бүгін Мажағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, Астана күнін тойлау шараларын ұйымдастыруға 20 мыңға жуық адам атсалысады. Ал қала бюджетінен 700 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінеді. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2663
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4336