Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3448 0 пікір 18 Маусым, 2014 сағат 12:04

Порошенко шекараны қорғауға Батыстан көмек сұрады

 

Украина президенті Петр Порошенко елдің Ресеймен шекарасына бақылауды күшейтуге Еуропа Одағы мен АҚШ-тан көмек сұрады. Украина президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Порошенко бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркельмен телефонмен сөйлескенде өтініш айтқан.

«Азаттық радиосының» жазуынша Порошенко елдің шығысында қақтығыстарды реттеу туралы бейбіт жоспар құрған. Онда шекарада 10 километрге созылатын буферлік аймақ құрып, заңсыз қарулы топтарға қарсы тұру, заңсыз басып алынған әкімшілік ғимараттарын босату, жергілікті билік органдары жұмысын қалпына келтіру және орталық телеарналар мен радиостанциялар жұмысын қайта жандандыру бар.

Украина президенті бұған қоса Ангела Меркельге Украинада билікті орталықсыздандыру, жергілікті билік орындары мен парламентке мерзімінен бұрын сайлау өткізу қажетін айтқан. Германия канцлері Порошенконың бейбіт жоспарына қолдау білдіріпті.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406