Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4353 0 пікір 16 Маусым, 2014 сағат 19:05

ҚМГ БӨ жастар қозғалысы туралы

Жас мамандар кеңестері ҚМГ БӨ компаниясының орталық аппаратында да, еншілес кәсіпорындарында да жұмыс жасайды. 2012 жылдан бері «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Қаражанбасмұнай» АҚ жас мамандар кеңесі белсенді жұмыс атқарып келеді. 2014 жылдың көктемінде «Ембімұнайгаз» АҚ мен «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС жас мамандар кеңестері құрылды. Биылғы жылдың соңына дейін ҚМГ БӨ барлық еншілес ұйымдарында жас мамандар кеңесі құрылады деп жоспарланып отыр.

Жас мамандар кеңесінің алғашқы форумы 2013 жылдың 14 маусымында өткізілді. Онда «Қазақстан мұнай-газ саласының болашағы - жастар жауапкершілігі» Декларациясы қабылданды. Декларация ҚМГ БӨ жастар қозғалысының негізгі принциптері мен құндылықтарын айқындайды: ұрпақтар сабақтастығы, үздіксіз жетілдіру және тиімділік, меритократия, белсенділік және ынтымақтастық.

2014 жылдың 18 сәуірінде Астанада жас мамандар кеңесі өкілдері мен ҚМГ БӨ  еншілес компаниялары мен бірлескен кәсіпорындарының белсенді жастары қатысқан дөңгелек үстел өткізілді. Оның қорытындысы бойынша ҚМГ БӨ жастар қозғалысының миссиясы мен мақсаттары мақұлданды.

Жастар қозғалысының миссиясы - жастардың қомпания жұмысына, соның ішінде  компанияның өндірістік және стратегиялық мәселелерін шешуге белсене араласуына серпін беру. Сонымен қатар, жас мамандарда корпоративтік құндылықтарды  қалыптастыру, ҚМГ БӨ компаниялар тобы стратегиясына сәйкес олардың ғылым, техника, өндірісті басқарудағы қабілеттерін ашу және оларды жетілдіру.

ҚМГ БӨ жастар қозғалысының бірнеше мақсаты бар. Біріншісі – ҚМГ БӨ компаниялар тобындағы өндірістік, әкімшілік-шаруашылық үрдістердің тиімділігін арттыру үшін және қорларды тиімді пайдалану әрі шығындарды азайту мақсатында рационалдық, инновациялық жобаларды ұсыну және олардың өндіріске енгізілуіне барынша ықпал ету. Екіншісі – ҚМГ БӨ компаниялар тобындағы жас мамандардың оқып, жетілуіне жағдай жасау. ҚМГ БӨ компаниялар тобына кіретін кәсіпорындардағы жас мамандардың өзара ынтымақтастығын арттыру.  Үшіншісі – жас қызметкерлердің денсаулығын нығайтып, олардың рухани дамуына септігін тигізу және әлеуметтік, мәдени, спорт шараларын ұйымдастыру арқылы ҚМГ БӨ ұжымдарының бірлігін арттыру.

2014 жылдың сәуір айында өткен дөңгелек үстелдің нәтижесі бойынша ҚМГ БӨ компаниялар тобындағы барлық жас мамандар кеңестеріне арналған ереже бекітілген, жастар қозғалысының белгісі мен ұраны мақұлданған болатын. Ұраны: «Бірлігі мықты жастар – болашаққа жол бастар!».

Орталық аппарат жас мамандар кеңесінің бастамасымен жұмыстан тыс уақытта барлық қызметкерлерге шеберлік кластары өткізіледі, онда басшылық пен қатардағы қызметкерлер тәжірибесімен, білімімен бөліседі. Мысалы, стратегия және тәуекелдерді басқару департаменті директорының орынбасары Денис Корсунов басқару шешімдерінің тиімділігіне сараптама жасап, «Жеті рет өлше» атты тақырыпта шебер сыныбын өткізді, геология және игеру жөніндегі басқарушы директор Мұрат Мұстафаев  - «Геология мен игеру жайлы қарапайым тілмен айтқанда», ал Инженерлік орталықтың директоры Мырзағали Масатов «Бұрғылау. Тәсілдері мен негізгі технологиялық операциялары» тақырыбында шеберлік сыныптар өткізді.

Жас мамандар кеңестері өндіріс алқаптарында да қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, аймақты жасылдандыру мен көркейту шараларына қатысып, спорт сайыстары мен қызықты спикерлермен кездесу өткізіп тұрады.

Байланыс ақпараты:

ҚМГ БӨ Жұртшылықпен байланыс департаменті

pr@kmgep.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443