Порошенко: Украина шекарасын шұғыл бақылауға алу қажет
Петр Порошенконың ресми интернет-өкілдігінде оның қарулы күштердің алдына қойған Украинаның мемлекеттік шекарасын бақылауға алу жөніндегі мәлімдемесі жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Мен Украина Қарулы Күштерінің алдына алғашқы кезектегі тапсырма - террористерге қару, техника, қосымша күштер, қаржы өткізіп жатқан Украинаның мемлекеттік шекарасын бақылауға алуды тапсырдым. Тек соңғы төрт күннің ішінде арнайы операция шеңберінде Мариупольде тыныштық орнап, заңды тәртіп жолға қойылды. Мемлекеттік шекараның 248 шақырымы бақылауға алынды. Луганск және Донецк облыстары аумағындағы бірқатар елді мекендерде жалдамалы-содырлардың іс-қимылы тоқтатылды. 11 елді мекен лаңкестерден тазартылды. Соңғы тәуліктерде біздің ел территориясына кіруге әрекет жасаған қару-жарақ, оқ-дәрі тиелген 7 автомобиль колоннасы, бірнеше танк пен бронетранспортерлер және өзге де атыс құралдары жойылды»,-делінген мәлімдемеде.
Абай-ақпарат