Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3596 0 пікір 16 Маусым, 2014 сағат 09:26

КАСПИЙ ДЕҢГЕЙІ 103 СМ-ГЕ КӨТЕРІЛДІ

 «Қазгидрометтің» Атырау облыстық филиалының мәліметі бойынша: «Пешной кентіндегі Каспий теңізіндегі су қауіпті деңгейге жеткен жоқ» деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ақ жайық»  ақпаратына сілтеме жасап.

Бұл аймақта су деңгейі 120 см-ге көтерілген кезде қауіпті деп саналады. 15 маусымда теңіздегі су 26,97 - 26,96 метрге дейін көтеріліп, нормадан 103 - 104 см-ге асты. Ал болжам бойынша, 128 см-ге жетуі керек еді.

Еске сала кетейік, 13 маусымда Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Гидрометорталығының мәліметтері бойынша: «ағымдағы жылдың 15-16 маусым күндері Пешной поселкесінде Каспий теңізінде су деңгейінің шамадан тыс көтерілуі күтілуде», - деген  шұғыл ескертпе  хабарлама таратты. «Құрғақ жерді жағалаудан 5-6 шақырым тереңдікте су басуы мүмкін», - делінген еді хабарламада. Хабарламаға сай жағалау елдімекендердің тұрғындары шұғыл эвакуациялануға дайын болуы тиіс болған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2059
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4120