Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3899 0 пікір 16 Маусым, 2014 сағат 02:00

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» жас мамандардың екінші форумын өткізді

2014 жылдың 13 маусым күні Алматы қаласында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниялар тобының  (ҚМГ БӨ, Компания) екінші жас мамандар форумы аяқталды. Форумға Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары мен Астана қаласынан ҚМГ БӨ-нің 11 еншілес компаниясының 70-ке жуық өкілі қатысты. Төрт күн бойы жас мамандар Компаниядағы өндірістік қызмет пен экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған жобаларын қорғады.

Форумға жиналған 44 маман төмендегі секциялар бойынша өз жобаларын ұсынды: геология және геофизика; кен орындарын игеру, өндіріс – мұнай өндірудегі инновациялық технологиялар; өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау; экономика және қаржы; АСУТП және ақпараттық технология; тауарларда, жұмыста және  қызметтегі жергілікті мазмұн. Жобаларға қойылатын негізгі талап: өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып көтерілген мәлелелердің маңыздылығы, ұсынылып отырған шешімдердің өндірістік және әкімшілік үрдістерде қолданылу мүмкіндігі.

 - Мамандарды жетілдіру – Компаниямыздың ұзақ мерзімді дамуының негізгі факторларының бірі, - деді жиналғандарға ҚМГ БӨ геология және игеру жөніндегі басқарушы директоры Мұрат Мұстафаев.  – Компанияны дамытуға бағытталған жоспарларымызды іске асыру үшін, бизнесті кеңейтіп, өндірісті жаңарту үшін бізге білікті, табанды, алдына мақсат қоя білетін, жаңаша ойлайтын жас мамандар қажет. Бұл форум сіздерге өздеріңізді жақсы қырынан көрсетіп, ұжымды біріктіруге және компанияны дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді. Байқауға ұсынылған жобалардың деңгейі өте жоғары, біз үшін жеңімпаздарды анықтау оңайға соққан жоқ.

Форум нәтижесі бойынша бірнеше үздік жоба іріктеп алынды, оларды өндіріске енгізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, алдыңғы байқаудың жеңімпаздарының бірі Айдын Қожаш өз инновацияларының өндірісте қолданылуының алғашқы нәтижелерін паш етті.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443