Сейсенбі, 13 Мамыр 2025
Жаңалықтар 5112 0 пікір 12 Маусым, 2014 сағат 09:05

ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ЕСЕБІ

Кеше, 11 маусым Парламент Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен Сенат отырысында ҚР Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалды.

Baq.kz-тің хабарлауынша отырыста Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин баяндама жасап, халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы туралы мәлімдеген. Оның айтуынша халықтың табысы туралы көрсеткіштер төмендегідей:

- Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстары 2013 жылы 3,0 %-ға ұлғайып, көрсеткіш 674,9 мың теңгені құрады. Ал Статистика агенттігінің алдын ала деректері бойынша, 2013 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,2 %-ға төмендесе (2012 ж. - 5,3%), жұмыспен қамтылғандар саны 8 526,7 мың адамнан 8 590,7 мың адамға ұлғайған. Жұмыспен қамтылған халықтың құрамында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 31,9%-дан 30,9%-ға төмендеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2254
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3908