ВИКТОР ХРАПУНОВ ӘЙЕЛІМЕН АЖЫРАСТЫ
Алматының бұрынғы әкімінің әйелімен некесін бұзғаны туралы ҚазАқпарат КТК арнасына сілтеме жасап хабарлады. Бұл туралы кеше Цюрихте шығатын Neue Zürcher Zeitung газеті жариялаған. Естеріңізде болса, ерлі-зайыптылар Алматының жерін оңды-солды сатып, бала-шағасымен Швейцария асып кеткен еді. Швейцарияның федералдық прокуратурасы бұл екеуінің ел аумағындағы заңға қайшы әрекеттеріне байланысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Ресми құжаттарда Швейцария мен ұлттық қорғанысқа қарсы бағытталған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жайлы айтылған. Бұған тыңшылық жасау, әскери барлау және өзге мемлекеттің мүддесі үшін ақпарат жинау әрекеті жатады. Сөйтіп 2008 жылдан бері Женевада тұрып келе жатқан Виктор Храпуновтың жанұясы бақылауға алынған. Осының бәрін тізіп шыққан аталмыш газет оның қазір әйелімен ажырасып кеткенін жазған.
Абай-ақпарат