ҒАЛЫМЖАН ЖАҚИЯНОВ МАГИСТР АТАНДЫ
Павлодар облысының бұрынғы әкімі, кезіндегі Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Ғалымжан Жақиянов Массачусетс университетінің магистры атанды. Жолдасының дипломды ойдағыдай қорғап шыққанын жұбайы Қарлығаш Жақиянова өзінің жеке фейсбук парақшасында хабарлап, магистр киімімен түскен суретін жариялаған. Бұл туралы Nur.kz жазды. Әлемнің ең беделді университеттерінің бірінде бизнесті басқарудан магистр атанып шыққан Ғалымжан Жақиянов бірнеше жылдан бері АҚШ-та бала-шағасымен бірге жеке үй жалдап тұрып жатыр.
Айта кетейік, Жақиянов Қазақстан тарихындағы ең жас әкім болған.
Ол 2001 жылы Павлодар облысын басқарып тұрған кезінде мемлекеттік қызметкерлермен бірге “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысын құрып, қозғалыстың төрағасы болып сайланады. Бірақ, 2002 жылы қамауға алынып, қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен 7 жылға сотталған болатын.
Абай-ақпарат