Перуашев: Елдегі шашыраңқы нарыққа интеграция қажет
Қазақстандық нарықтың шашыраңқылығына байланысты интеграция қажет – бұл туралы Азат Перуашев ЕЭО-ты құру мәселелеріне арналған Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында мәлімдеді.
«Қазақстан дегеніміз не? Бізде айналасында халықтың негізгі бөлігі тұратын облыс орталықтары, азды-көпті ірі және орташа қалалар бар. Ал жердің қалған – 3 млн. кв.км-ге жуық бөлігі – шөлейттер, дала немесе таулар.
Кең байтақ жеріне байланысты, логистикалық шығындар өнімдердің өзіндік құнына елеулі ықпал етеді, сондықтан – өнімдерді қасында орналасқан көршілес ресейдің базарында сатқан тиімдірек. Мысалға, Оралдан Алматы облысына қарағанда, Самараға сатқан тиімді. Сондықтан, біздің индустриялық стратегиямыз біздің тауарлардың экспортына сүйенуі тиіс», - деп атап өтті ол.
Оның үстіне А.Перуашев атап көрсеткендей «жобалардың көпшілігі машина жасау, фармацевтика салаларында және басқа салаларда жоғары деңгейде өнім жасап шығарумен байланысты нақты сыртқы нарыққа бағдарланған. Соңғы жылдары біздің жалпы индустриялық стратегиямыз біздің өнімдерді экспортқа шығаруға бағдарланған: бірқатар жаңа кәсіпорындар бойынша олардың өндірістік қуаты 70-80 %-ға дейін экспортқа бағдарланған. Ал, олар ішкі нарықта өнімдерінің бес немесе төрт бөлігін ғана сата алар еді».
Егер де біздің өндірушілерге ресейлік және басқа нарықты ашпасақ, онда жаңа кәсіпорындар толық қуатымен жұмысы істей алмайды, олар 20-30 % жүктемесімен залалсыздық нүктесіне шыға алмайды, тиімсіз болады.
Ал, индустрияландыруға салынған ақша, желге ұшқандай болып қалады.
«Әсіресе, дұрыс және сауатты жұмыс істей алған жағдайда ЕЭО-тың экономикалық әлеуеті айтарлықтай жоғары, - деп есептейді «Ақ жол» партиясының жетекшісі. – Және біз бизнесті осы бағытта жұмыс істеуге үйрену үшін қолын босатамыз. Егер де, нарықты кеңейтуге бармасақ – онда барлық индустрияландыруды, яғни жұмыспен қамту, технологияны дамыту, тұрғындардың табысын өсіру мәселелерін – осының барлығын жылы жауып қоямыз. Бірақ, индустрияландырусыз экономикалық даму болмайды, жалпы қоғамның да әл-ауқаты өспейтін болады».
10 маусым 2014 жыл,
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі